«Алматы» телеарнасы 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап «Әкіммен ашық әңгіме» деп аталатын жаңа тележобаны жүзеге асырады. Бағдарлама әр аптаның бейсенбісінде кешкі сағат 19:30-да тікелей эфирден көрсетіледі. Хронометраж – 30 минут.
«Алматы» телеарнасы 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап «Әкіммен ашық әңгіме» деп аталатын жаңа тележобаны жүзеге асырады. Бағдарлама әр аптаның бейсенбісінде кешкі сағат 19:30-да тікелей эфирден көрсетіледі. Хронометраж – 30 минут.
Алматыға қосылған аумақтардағы 6 шағынауданның асфальт жабыны жоқ көшелерінде жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Қалған 8 шағынауданда жұмыс 15 сәуірде басталады.
Бейсенбі, 04 сәуірде, жергілікті уақыт бойынша сағат 12.55-те Алматы қаласының ТЖД хабарландыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.
Алматыда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті «Е-Халық» цифрлы базасы арқылы алуға қазірдің өзінде 300-ден астам өтініш түсті.
Алматыда сәуір айында Байсейітова, Жібек жолы көшелері мен Достық даңғылын жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары басталады.
Алматыда жыл сайын республикалық бюджет есебінен орман және қалалық саябақтарда, скверлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Алматы қаласында бес күн бойы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан жоғары болғандықтан, қала әкімдігі жылу беру маусымын 2019 жылдың 4 сәуірінде аяқтау туралы шешім қабылдады.
Алматыда жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және жол-көлік оқиғалары кезінде болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған 2021 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары әзірленді және бекітілді.
28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Су ішетін субұрқақтар мен сауда павильондарын орнату, жол жабынын ауыстыру, ағаш отырғызу және т.б. көзделген.
Алматыда 1 сәуірден бастап жол-құрылыс жұмыстарына байланысты келесі көшелерде қозғалыс шектелді:
http://avtopark-almaty.kz/ сайтындағы бірыңғай базаға 3 416 жүргізушінің деректері енгізілді.
Алматының №4 қалалық ауруханасында Open space форматында алғашқы офис ашылды. «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында осындай офистер екі ай ішінде барлық медициналық ұйымдарда енгізілетін болады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға болатынын хабарлайды (egov.kz, cabinet.salyk.kz, elicenze.kz, «Астана-1» АЖ):
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқынын тексеріп, Алатау ауданын абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді.
Алматыда әл-Фараби даңғылының Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлу жолағының бойына жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызылады.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты барқыт маусымының басталғанын жариялады. Сырғанау абонементтерін сатып алу бағасы төмендеді.
Күндізгі абонемент.
Демалыс күндеріндегі тариф:
Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша шара осы жылдың 10 сәуірінен басталады. Сатып алу заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылы Алматыда коммуналдық желілерді жаңарту жұмыстары жалғасады.
Алматы қаласының мәслихаты 2019-2022 жылдарға арналған Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекітті.