Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша шара осы жылдың 10 сәуірінен басталады. Сатып алу заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Ерікті түрде тапсырғандар үшін ақшалай сыйақы беріледі. Ішкі істер органдарында тіркелмеген кез келген қару заңсыз болып табылады және тапсыруға жатады. Кез келген ойық, тегіс ұңғылы, травматикалық қаруды аумақтық Полиция басқармасына тапсыру қажет. Қаруды қабылдау кезінде ол қылмыстарға қатыстылығын тексеру және тапсырылған заттың құнын бағалау үшін криминалистерге жіберіледі», - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.
Бұл ретте полиция бөлімшесіндегілер жоғарыда аталған заттар адамды ұстау, сондай-ақ оларды табу және тәркілеу бойынша тергеу амалдарын жүргізу кезінде тәркіленген жағдайда өз еркімен тапсырылды деп саналмайды.
Алматы қаласының Полиция басқармаларындағы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімдерінің телефондары:
- Алатау ауданының ПБ – 227-55-17;
- Алмалы ауданының ПБ – 254-46-22;
- Әуезов ауданының ПБ – 298-53-49;
- Бостандық ауданының ПБ – 395-05-43;
- Жетісу ауданының ПБ – 254-49-40;
- Медеу ауданының ПБ – 254-48-15;
- Наурызбай ауданының ПБ – 254-49-51;
- Түрксіб ауданының ПБ –298-54-45;
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі