Алматыда жыл сайын республикалық бюджет есебінен орман және қалалық саябақтарда, скверлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы жылы жалпы ауданы 2354,17 га құрайтын қала аумағында кенеге қарсы өңеу жұмыстарының 1 кезеңі 1 сәуірде басталды. 8 орман саябағы мен 121 қалалық саябақ, скверлер өңделеді (ауа райына байланысты кестеге сәйкес) өңделеді.
Иксод кенесімен күрес сапалы болуы үшін өңдеу жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі (2-кезең – мамыр-маусым).
2019 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша, жалпы ауданы 129,63 га болатын аумақ өңделді, оның ішінде ауданы Алатау, Алмалы аудандарындағы саябақтар мен скверлерде, «Бутаковка» шатқалында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу негізінен таңғы уақытта жүргізіледі.
Дезинсекциялық іс-шараны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мамандарының (тел. 382 35 55, 382 36 52) тікелей бақылауымен «Алматы қ. бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалы атқарады (тел.2797299, 3833740).
Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көлік және жеке қорғану заттарымен жабдықталған. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Шквал» инсекто-акарицидті препараты қолданылады.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын қолдануы қажет:
- кенеге қарсы препарат ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жақындамау керек;
- шашыратылған препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген аумаққа жібермеу керек;
- өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды («Шквал» препаратының қолдану нұсқаулығына сәйкес).
Ақпарат көзі: Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті