Алматыда әл-Фараби даңғылының Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлу жолағының бойына жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызылады.
Жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар – талшын, қарағай, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 2,5 мың шаршы метр аумаққа гүлдер мен бұталар егіледі.
Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін, ал гүл өсінділерін даярлау бес күнге, сәуірдің 1-інен 5-іне дейін жалғасады.
Жұмыс барысында көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментіне жол-патруль топтарының санын арттыру тапсырылды.
Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге, бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегімен өткізуде.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі