Алматыда 1 сәуірден бастап жол-құрылыс жұмыстарына байланысты келесі көшелерде қозғалыс шектелді:
- Абылай хан даңғылы Абай даңғылынан Алматы-2 темір жол вокзалына дейін;
- Гоголь көшесі Назарбаев даңғылынан Әуезов көшесіне дейін;
- Қарасай батыр көшесі Мұқанов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
- Абылай хан даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі орам ішіндегі жол;
- Бөгенбай батыр көшесі Байтұрсынов көшесінен №172 үйге дейін.
Жол-құрылыс жұмыстарын «ПСФ АЛОНС» ЖШС компаниясы жүргізеді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.