Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 140-тан астам адам жұмысқа тұрды.
Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 140-тан астам адам жұмысқа тұрды.
Алматы қаласының Полиция департаменті мен Спорт басқармасы 21 сәуірде жыл сайынғы спорттық шара - Алматы марафоны өтетінін еске салады. Оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысады. Алматы марафоны – Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы.
Алматыда 17 сәуірден бастап №129 бағытқа төмен еденді 10 автобус шығады. Жаңартылған жылжымалы құрам қазіргі автопаркті толығымен алмастырады. Автобустарға 60-қа жуық жолаушы сияды, бейнебақылау камерасымен жабдықталған және Еуро-4 экологиялық санатына сай келеді.
Алматыда Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын Сакура аллеясы пайда болады. Бүгін салтанатты рәсім кезінде Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope International» трансұлттық корпорациясының президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды.
Алматыдағы мыңдаған кәріз бен су құдығының қақпағына қосымша темір тор салынады. Бұл адамдардың апандай ашық қалған құдықтарға құлап кететін оқыс оқиғалардың алдын алмақ. Бірақ жұрттың жарақаттанбауын ойлаған бастаманы әзірге тек Алматы су мекемесі қолға алып отыр.
Алматы прокуратурасының ұсынысымен қаладағы сауда үйі бірінің және бірнеше базардың автотұрақ құны сағатына 300 теңгеден 100 теңгеге дейін түсірілді.
Жобаны Smart Almaty тұжырымдамасы аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласын дамыту орталығы және қазақстандық әзірлеуші компания - «I2NIK» ЖШС бірлесе іске асырды.
Отырғызылған ағаштардың ішінде: шаған, қайың, жөке ағашы, емен, үйеңкі, акация, шырша және басқа да түрлері бар. Бұл ағаш түрлерінің көбі таулы жерлерде жақсы өніп кетеді жəне аса күтіп баптауды қажет ете бермейді. Бастысы бұл ағаштар қаланың атмосферасын оттегімен қанықтырады.
«Jasyl Meken» жалпықалалық шарасы барысында алдағы демалыс күндері Алматының барлық сегіз ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Қала басшылығы көктемнің соңына дейін 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлаған.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі негізінде хабарлайды:
Алматыда көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт желісін ұлғайту жалғасуда. Биыл тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлап отыр (соның ішінде маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жүре бастайды).
Алматыда 12 сәуірден бастап №68 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді. «Ремизовка» ықшамауданы тұрғындарының өтініші негізінде қозғалыс соңғы аялдама «Ремизовкадан» Қазақфильм ықшамауданындағы Алматы көшесіне дейін ұзартылады.
Алматы тұрғындарының көптеген өтінішіне байланысты қалада 5 жолайрықтың тіреуіш қабырғалары орташа жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне 10 жылдан асып кеткен, соның салдарынан кейбір жерлерде плитка құлап, су аққан.
Биыл Алматының Әуезов ауданында 4 шақырым арық жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ, су басу қаупі басым 34 мекенжай анықталып, жаңа суағар салу үшін қала әкімдігіне тапсырыс берілді.
Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары атанды.
Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңес отырысында келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын қолға алуды ұсынды, мұнда қаланың әр ауданына белгілі бір сома бөлініп, оны тұрғындардың өздері ең маңызды бағыттар бойынша үлестіреді.
Алматыда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортын салуды кейінге қалдыруды ұсынды.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде тұрғындармен жұмыс істейтін Қалалық бірыңғай байланыс-орталығы орналасатын нысанды аралап көрді, мұнда азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін қаланың барлық басқармаларының, аудан әкімдіктерінің, апатты және коммуналдық қызметтердің байла
Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласы Медеу ауданының жаңа әкімі атанды. Мегаполистің орталық аудандарының бірін бұрын басқарған Ержан Жылқыбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың инженерлік коммуникацияларын салу және жаңарту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мақсатында соңғы бірнеше жыл ішінде ғана 2 мың километрге жуық инженерлік коммуникация жөнделді.