Әкімнің тапсырмасына сәйкес Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды, жыл аяғына дейін Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы тағы 208 көшені жарықтандыру жоспарланған.
Әкімнің тапсырмасына сәйкес Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды, жыл аяғына дейін Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы тағы 208 көшені жарықтандыру жоспарланған.
Алматының Алатау ауданында «Саялы» шағын ауданы мен «Боралдай» кентінен қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылмақ.
Алматы қ. әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін оператор-консультанттар керек. Ізденушілер қатарында соңғы курс студенттері қарастырылады.
Міндеттер
Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесу кезінде қала әкімі Б.Сағынтаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары мен екінші жартыжылдықтың міндеттерін талқылады.
12 шілдеден бастап Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайынан Алма-Арасан шатқалына дейін №211 жаңа бағыт ашылады. Екі автобус аптасына үш рет – жұма, сенбі, жексенбі күндері жүреді, жолда бағыт сызбасына сәйкес аялдамаларға тоқтайды. Жол жүру құны 300 теңге.
«Алматы қаласы метрополитені бірінші желісінің екінші кезегін «Мәскеу» бекетінен «Достық» бекетіне дейін ұзарту» жобасы бойынша Б. Момышұлы көшесі мен Абай даңғылы қиылысында метрополитен нысандарының құрылысы басталады.
«Премьера», «Облыстық аурухана» және «Еламан» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты:
10 шілде күні сағат 5.00-ден 8.00-ге дейін Яблочков – Азов – Рысқұлов – Серіков – Ратушный – Ангарский – Үлкен Алматы арнасы – Момышұлы – Ақ қайнар – Мөңке би – Боралдай көшелері бойында жылу желілері сынақтан өткізіледі, қала тұрғындары
Алмалы ауданын аралаған Бақытжан Сағынтаев коммуналдық желілердің жағдайымен, абаттандырумен және мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің жарақат алуы мен ЖКО санын азайту шараларымен танысты.
Бірінші кезекте бақылаушыда өзі туралы ақпарат көрсетілген бейдж болуына назар аудару керек. Бейдж екіжақты, бір жағында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС логотипі, екінші жағында «Алматы су» МКК логотипі бар. Бұл бірыңғай бақылаушы келгенін білдіреді.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданын аралап, тексеріп шықты. Әкімнің басты назарында «Жас қанат» ықшамауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу, ескі үйлерді сүру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері болды.
Алматыда ағаш қандаласы (Arocatusmelanocephalus) көбейіп кетті. Бұған көбеюге қолайлы жағдайдың қалыптасуы - жоғары ылғалдылық және күннің күрт жылынуы себеп. Жәндіктер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді.
Алматы қ. Халықты жұмыспен қамту орталығы жас мамандарды «Жастар тәжірибесіне» қатысуға шақырады.
Жастар тәжірибесі бұл:
Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде.
1 шілдеден бастап Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеді. Бұл вокзалдарды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бөлігі ретінде тиімді дамытуға мүмкіндік береді.
Алматыдағы медициналық жәдел жәрдем қызметінде шұғыл қоңыраулар бойынша күту уақыты енді 9 минуттан аспайды. Бұл жаңадан іске қосылған Ахуалдық орталықтың арқасында жүзеге асып отыр.
Алматының Жібек Жолы көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 20 маусымнан бастап көлік қозғалысы тоқтатылады.
«Open Almaty» жобасы IDC CIO Excellence Awards 2019 байқауының «Клиенттік тәжірибенің үздік трансформациясы» аталымы бойынша клиенттермен кедергісіз өзара іс-қимыл жасау және адалдықты арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдану және бизнес-үдерістер реинжинирингі ү
Алматының Түрксіб ауданында екі қазандықты жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су беру ішінара тоқтатылады. Уақытша шектеу «Әуежай» және «Лев Толстой, 6-Б» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жөндеумен байланысты.
Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы аясында Алматының тағы бірқатар көшелерін модернизациялау бойынша құрылыс жұмыстары және инженерлік коммуникацияларды жаңарту барысын тексерді.