Осы маусымда қалада конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент саябағы, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды.
Осы маусымда қалада конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент саябағы, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды.
Осы жылдың қыркүйегінен бастап МЖӘ аясында Сүйінбай даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Райымбек даңғылы, Майлин көшесі, Сейфуллин көшесі, Хмельницкий көшесі және Жароков көшесінде сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №79 бағытқа Zhongtong маркалы 12 метрлік 20 жаңа автобус шығарылды. Автобустар табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қаланың тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша өтініштер, ескертулер мен ұсыныстарды әлеуметтік желілердегі мына аккаунттар арқылы жібере аласыздар:
Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №118 бағыт 12 метрлік 15 жаңа автобуспен толықты.
2019 жылғы сәуірде Алматыда almaty-ksk.kz қалалық порталы іске қосылды. Портал пайдаланушылары – көппәтерлі үйлердің тұрғындары, ПИК және сервистік ұйымдар. Бүгінде порталда Алматығы ПИК-дің 70%-тен астамы тіркелген.
28 қараша сағат 10.00-ден – 14.00-ге дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы ҚР әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, міндетті әлеуметтік сақтандыру және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы халықты ақп
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» даму стратегиясы (әрі қарай – Стратегия) туралы брифинг өтті. Стратегия жобасы көпшіліктің талқылауына осы жылдың 21 қарашасында ұсынылды.
Өз ұсыныстары мен пікірлерін тек алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарамайтындардың барлығы енгізе алады.
Мұны www.Almaty-2050.kz арнайы сайты арқылы беруге болады. Сайт пен қалалық газеттерде Стратегияның мәтіні жарияланды.
21 қараша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Бірыңғай (ұлттық) азаматтарды қабылдау күні аясында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы мен Қала құрылысын бақылау басқармасы Open Almaty фронт-офисінде азаматтарды қабылдайды.
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін жастарға тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру туралы брифинг өтті.
Алматы қаласының Полиция департаменті 15-16 қарашада сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін өтетін «Жолда қабылдау» дәстүрлі акциясына қатысуға шақырады. Акция мына фронт-офистер мен қоғамдық қабылдауларда өтеді:
14 қараша сағат 23:00-ден 15 қараша 06:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта №6 ықшамаудандағы №3 үйге қарама-қарсы жаяу жүргіншілер жолағы (бағдаршам) мен көлік бұрылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала көшелері мен аулаларын жарықтандыру, модернизациялау және реконструкциялау, аула аймақтарын күрделі жөндеу, арық жүйелерінің жағдайы, проблемалық учаскелер мен оларды ретке келтіру туралы брифинг өтті.
Алматыда жаңа №113 бағыт ашылды. Ол Арықов көшесінен Торайғыров пен Сайын көшелерінің қиылысына дейін барады. Бағыт бойынша сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін 6 автобус жүреді.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Алматының тарихи орталығын жақсарту аясында Байсейітова жаяу жүргіншілер көшесін, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры мен Қазақстан-Британ техникалық университеті саябақтарын (сквер) безендіру бойынша эскиз-жобаны әзірлеу үші
Алматыда қалалық ортаны дамыту бойынша «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында қала тұрғындарының бұрын дауыс беру кезеңіне жіберілмеген 72 жобалық ұсынысын сараптама комиссиясы қайта қарап, дауыс беруге жіберді.
Алматы әкімі «Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс- қимылының жаңа форматы» республикалық форумына қатысты.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық қоғамдық көліктің жағдайы, дамуы және оның қызмет көрсету сапасын арттыру туралы брифинг өтті.
12 қараша сағат 15.00-ден – 18.00-ге дейін «Open Almaty»-да Жер қатынастары басқармасының ашық есік күні өтеді. Азаматтарды Басқарма басшысы А. Самамбетов қабылдайды.
Мекенжай: Абай даңғылы, 90 («Алматыбасжоспар» ғимараты), 1 қабат