Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №118 бағыттағы автобустар ішінара жаңартылды

Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №118 бағыт 12 метрлік 15 жаңа автобуспен толықты.

«Алматыэлектротранс» ЖШС бағытты Zhongtong маркалы жаңа автобустар есебінен жаңартты. Автобустар мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орнатылғаннан кейін бүгін бағытқа шықты.

Автобус табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.