7 қараша
7 қараша
Көптеген өтініштер бойынша 32 бағыттың паркі 100 пайызға жаңарды. Бағыт жаңадан жеткізілген Zhongtong маркалы 30 автобус есебінен жаңартылып отыр. Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» қондырғысы орнатылған соң автобустар жолғы шықты.
2019 жылғы 7 қараша сағат 09:00-де Nur Otan партиясы Алматы филиалының қоғамдық қабылдауында (Абылай хан даңғылы, 79) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Балаева Аида Ғалымқызы азаматтарды жеке мәс
«Қазгидромет» ұсынған ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес Алматыда 5-10 қараша және 23-30 қараша аралығында жаңбыр соңы қарға ұласады.
Қала әкімдігінің баспасөз орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматыдағы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2020 жылы Алматы қаласы тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың бір жарым есеге немесе 45,5 млрд теңгеге артатынын хабарлады.
Алматыда жастарға жалдамалы баспана беретін бағдарламаға өтініш қабылдау бүгіннен басталады. Құжаттарды тіркеу 30 қазаннан бастап 12 қарашаға дейін жалғасады. Өтініштер «Алматы жастары» сайтында қабылданады. Сатып алу құқығынсыз берілетін пәтерлердің алғашқы легі дайын тұр.
Осыдан бірнеше ай бұрын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Шамамен 4000-ға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады деп жоспарланған.
Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген жаңа бағдарлама жасалмақ. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлердің жылына 7 пайызбен несие рәсімдеуіне мүмкіндік бар. Мұндай қолдау президенттің жыл сайынғы жолдауынан кейін орындалып жатыр.
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
30 қазанда сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Мемлекеттік активтер басқармасы Абай даңғылы, 90 мекенжайында орналасқан Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауында коммуналдық меншік мәселелері бойынша ашық есік күнін өткізеді.
Көшелер, жолдар, аулалар, үй маңындағы аумақтарды сыртқы жарықтандыру желілері мен жарық нүктелерінің зақымдануы мәселелері бойынша «Алматы Қала Жарық» орталық диспетчерлік қызметіне хабарласа аласыздар:
Интервал уақытының мониторлары метро бекеттерінің барлық платформалары мен әрбір вестибюлінде орнатылған. Табло метрополитен жолаушыларын келесі пойыздың келуіне қанша уақыт қалғаны (уақытты кері санау), күні/уақыты туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Алдағы бейсенбіде «Алматы су» МКК қала тұрғындарын ашық есік күніне шақырады!
Күні мен уақыты: 10 қазан сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін
Мекенжайы: Жароков көшесі, 196
IT-әзірлеушілердің үш командасы Алматы қаласы әкімінің жүлделері үшін Almaty SmartCity Challenge алғашқы қалалық хакатонының жеңімпазы атанды. Жарысқа қатысуға барлығы 40 команда (140-тан астам қатысушы) өтінім берді.
Осы сенбі, 5 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, ҚБТУ-нің алдында) жәрмеңкенің күзгі маусымын Алматы облысының тауар өндірушілері ашады.
5 қазан сағат 10:00-де Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 109 «А» үй мекенжайы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасында ашық есік күні өтеді.
Алматыда 3 қазан күні сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді.
Сыйымдылығы үлкен 10 автобус №12 бағыт бойынша жүреді. «Алматыэлектротранс» ЖШС Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды.
Алматы әкімі ағымдағы жылдың 17 тамызында Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп, оның барысында 146 сұрақ қойылған еді, қазіргі кезде олардың 35%-і шешілді, 53%-і түсіндірілді, 12%-і қаралуда.
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Жоғарғы сот төрелігі мектебінің өкілдері келді