«Қазгидромет» ұсынған ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес Алматыда 5-10 қараша және 23-30 қараша аралығында жаңбыр соңы қарға ұласады.
Бүгінде қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100% дайын. Қыс кезінде қар тазалауға 993 арнайы техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылады. Қар қалың жауатын болса, қосымша 150 жүк көлігі тартылады.
Штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнай техника қозғалысының бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша оқу-жаттығу өтіп жатыр.
«Алматы тазалық» МҚК қар тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары мен қонақтарын көліктерін рұқсат етілмеген жерде қалдырмауға және жолда болуы мүмкін кептеліске түсіністікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі