Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолдағы адам өлімін азайту жөніндегі «Vision Zero Almaty» жоспары аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялау жұмыстарын тексерді.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолдағы адам өлімін азайту жөніндегі «Vision Zero Almaty» жоспары аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялау жұмыстарын тексерді.
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін жаңартуға байланысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады.
Алматыда әлеуметтік саланы дамытуға көп көңіл бөлінеді. Соның бір дәлелі – «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Орталық директоры бір жарым айдың ішінде атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.
Алматы көшелеріне төселген асфальттың сапасы сын көтере ме? Жол сапасына сынама жасайтын орталық мамандары осы сауалға жауап іздеді. Олар қаладағы жуықта ғана жөнделген жолдардан асфальтты ойып алып, арнайы зертханада тексерді. Нәтижесінде бірқатар олқылық анықталды.
«Ақкент», «Жас қанат», «КЭЧ» және «СШҚ» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының Алатау және Түрксіб аудандарында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру уақытша тоқтаты
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді.
Алматыда көктемгі гүл егу науқаны басталды. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша, 110,7 мың шаршы метр аумақ гүлмен безендіріледі, сондай-ақ тігінен көгалдандырудың 4,3 мыңнан астам элементі орнатылады.
Алматыда өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу үлесі бірден төмендеді. Бұрын бір және одан да көп тасымалдаушы қатысса да конкурсқа тек біреуі ғана жіберілетін, содан кейін онымен тікелей бір көзден келісім жасалатын.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек аппараттық кеңес барысында жасыл желекті өңдеуде химиялық және биологиялық препараттарды қолдану мәселесін қарады.
Алматыда Үлкен Алматы көліне баратын жол жөнделеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пішембаевпен кездесуі барысында белгілі болды.
21 мамырдан бастап 10 маусымға дейін Әйтеке би көшесінің Сейфуллин даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қысқа мерзімде Медеудегі «Денсаулық баспалдағын» жөндеуді тапсырды.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды.
Алматы ардагерлері 250 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемнің бірінші бөлігін алды. Ұлы Отан соғысының 268 қатысушысы мен мүгедегі төлемақымен қамтылды.
Алматыда білім қуған жастар арнайы қолдауға ие болып жатыр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасынан шыққан үздік оқушылар мен студенттерге стипендия берілуде.
Алдағы оқу жылынан бастап Алматы мектептерінде материалдық-техникалық, әдістемелік қамтамасыз етілген IT-сыныптар ашылады. Қазіргі таңда жобаның электрондық платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Талай жылдан бері созбалаңға салынған Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталды. Қазір жұмысшылар «қызыл сызыққа» түскен үйлерді күреп, торап түсетін жерлерді тегістеп жатыр.
Алматыда ҚР Президентінің сайлауы күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Қалада «Ашық есіктер күні» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылып, оған қаладағы барлық автобустар мен метрополитен қатысады.
Қоғамдық көлік кестеге сәйкес жүреді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – адами капиталды дамыту мақсатында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі Алматы халқының цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарлап отыр.