Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесі жаңартылады

Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін жаңартуға байланысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады.

Атап айтқанда, 13 маусымнан бастап Жібек жолы көшесінің Желтоқсан- Наурызбай батыр көшелері аралығында автокөлік қозғалысы тоқтатылады. Көшенің солтүстік жағындағы жаяу жүргіншілер жолы ашық.

Достық даңғылы бойында Құрманғазы және Қабанбай батыр көшелерінен төмен шығыс жағында тек жаяу жүргіншілер жүретін екі учаске ішінара жабылады. Қоғамдық кеңістікті модернизациялау жұмыстарының барлығы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Арнайы қоршаулар қойылып, уақытша жаяу жүргінші жолақтары жасалды.

«Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы бойынша осы көшелерде қуат үнемдейтін тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері және т.б. пайда болады. Көгалдандыру қолға алынады, ескі ағаштарды сақтай отырып, жаңа ағаштар отырғызу, суарудың автоматты жүйесін тарту жоспарланған.

Биыл тағы 600 ауланы жөндеп, қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50%-ін қамту жоспарланған. 140-тан астам көшеде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Қаланың 14 ықшамауданындағы 456 көшеде жаңа жолдар салынуда. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар саябақ, сквер мен жаяу жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.