Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №79 бағытқа Zhongtong маркалы 12 метрлік 20 жаңа автобус шығарылды. Автобустар табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.
«Алматыэлектротранс» ЖШС ақпаратына сәйкес, ЛиАЗ маркалы босаған автобустар №56 және №70 бағыттарды күшейту үшін пайдаланылады.