«Премьера», «Облыстық аурухана» және «Еламан» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты:
- 9-15 шілде аралығында Атбасар – Талғар жолы – Бригадная – Демченко, Буровая – Рысқұлов – Кұлжа жолы, сондай-ақ «Атырау-1» шағынауданында;
- 9-30 шілде аралығында Сұраншы батыр – Белжайлау – Строительная – Жақыбаев көшелері шеңберінде ыстық су болмайды.
Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары күз-қыс кезеңінде жылуды өндіру және тұтынушыларға беру үдерісіндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.