Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша байланыс орталығын іске қосты

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желіні» іске қосты.

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.

Сонымен қатар, Алматыда қосымша анықтамалық ақпаратты Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында келесі телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8 (727) 261-67-24.

Еске салсақ, Қазақстан азаматтары мен балалары үшін «111 шұғыл қызметі» 2016 жылы балалар мен азаматтардың күрделі өмірлік жағдайларын жедел шешуге көмек көрсету, әлеуметтік, психологиялық, заң және ақпараттық, еңбек мәселелері және халықты азаматтардың құқықтары туралы ағарту мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету мақсатында құрылған болатын.

Ақпарат көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет -ресурсы
 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.