Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру рәсімі жеңілдетілді

Алматыда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті «Е-Халық» цифрлы базасы арқылы алуға қазірдің өзінде 300-ден астам өтініш түсті. 1,5 мыңнан астам адамға Жұмыспен қамту орталықтарында, ХҚКО-да және қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдерінде АӘК төлемін алудың жаңа әдістері түсіндірілді.

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы өтініш беру рәсімінің жеңілдетілгенін, енді өтініш беруші тек жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті екенін атап өтті.

«Тұңғыш Президенттің тапсырмасын орындау аясында 1 сәуірде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азаматтарды қабылдау басталды. Атаулы әлеуметтік көмекті есептеу әдістемесі өзгерді. Мөлшері күнкөріс минимумынан 50%-тен 70%-ке дейін ұлғайған. Әр балаға берілетін төлем – 20 789 теңге. Егер бұрын 6 адамнан тұратын отбасы айына 19 мың теңге көлемінде АӘК алатын болса, ендігі төлем 90 мың теңгеден асады», – деп хабарлады қалалық мекемеден.

Айта кетерлігі, республикалық қолдау шараларынан өзге Алматыда «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы белсенді жүзеге асып жатыр. Мұнда 7 бағыт бойынша 13 нақты шара қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген ипотека, тегін балабақша, стипендиялар, қайта оқыту және жұмысқа орналастыру, бір жолғы төлем көлемін арттыру бар.

Мәселен, 11 наурыздан бастап жылына 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алу үшін өтініштер қабылдануда. Бұл шара Алматының коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған 1 276 көпбалалы отбасына қатысты. Алғашқы жарнаны төлеу үшін 1 млн теңгене тұрғын үй сертификаты қарастырылған.

Бұдан өзге, өткен айдан бері аз қамтылған отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақша тегін. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқу үздіктеріне стипендиялар төленеді. Университет пен колледж студенттері ай сайын 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушылары 5 мың теңгеден алады.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры өз жұмысын бастады, мұнда меценаттардың қолдауымен аз қамтылған көп балалы отбасыларға көмек көрсетіледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.