1414 байланыс орталығы 1 маусымнан бастап медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультация бере бастайды.
1414 байланыс орталығы 1 маусымнан бастап медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультация бере бастайды.
Алматы аумағында үш сауықтыру лагері бар – «Юный Домостроитель», «Эдельвейс» және «Алматау». Биылғы жылы қала сыртындағы лагерьлерде 6500-ден астам баланы, мектеп жанында 30 мыңнан астам баланы сауықтыру жоспарланып отыр.
Алматыда мектеп жанындағы 200 және қала сыртындағы 19 лагерь балаларды қабылдауға дайын. Осы жайлы және лагерьлерде балалардың қауіпсіз демалысы қалай қамтамасыз етілетіні туралы ӨКҚ алаңында қалалық білім басқармасы мен ТЖД өкілдері хабарлады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты.
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды.
Қазыбек Тауасарұлы, 27 мекенжайда орналасқан №189 мектеп ауласында заңсыз ағаш кесу фактісі расталды.
Экология және қоршаған орта басқармасына мектеп атынан өтініш келіп түспеген, демек,ағаш кесуге рұқсат берілмеген.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен жыл сайынғы «Қазақстан Барысы-2023» республикалық турниріне іріктеу ретіндегі «Алматы Барысы-2023» турнирі өтеді. Жарысқа Алматыдан 24 үздік балуан қатысқалы отыр.
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сағат 9-да Алмалы ауданында Қарағайлы алаңында қала басшылығының, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының және жастардың қатысуымен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын
«Алматы жылу желілері» ЖШС (АлЖЖ) бас директоры болып Алтай Рахымбетов тағайындалды.
Алтай Рахымбетов 1973 жылы туған.
Өскемен энергетикалық техникумы, Өскемен құрылыс-жол институтын жылумен газбен жабдықтау, желдету, ауа бассейнін қорғау мамандығы бойынша бітірген.
Алматы қаласының үш ауданында ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі.
29 мамырда ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады. Енді азаматтарға жайлы болу үшін және сапалы қызмет көрсету үшін ол Майлин көшесі, 240 а мекенжайындағы «Allur авто» ғимаратында орналасады. Бұған дейін мамандандырылған ХҚО Майлин көшесі, 85 мекенжайында болатын.
Алматыдағы маңызды өзекті мәселелердің бірі қалдықтарды басқару, оның ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбы болып табылады. Басты мақсат- қалдықтармен күресу ғана емес, оларды жою үшін алғы шарттар жасау әрі жас кезден бастап экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, «Сенім бұрышы» атты интернет-ресурс пилоттық режимде іске қосылып, QR-коды орта білім беретін отыз мектепте орналастырылды.
Алматыда электрсамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналыстарына қатысты. Жиналыста олар ата-аналарға электрсамокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді.
23 мамырда «Абай» спорттық-мәдени кешенінде өткен Азия чемпионатының жартылай финалында отандық әйелдер құрамасы Гонконгтан келген команданы 27:23 есебімен жеңді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Сайран Сайфеденов Алматының қалалық активтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2023 жылдың 8 маусымында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Қаңғыған иттер мәселесі қатаң бақылауға алынады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Жетісу ауданы тұрғындарына 875 миллион теңге бөлінді. Ал Кемел шағынауданында жаңадан су және кәріз құбырлары салынады.