Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мамандар мектеп ауласында заңсыз ағаш кесілгенін растады

Қазыбек Тауасарұлы, 27 мекенжайда орналасқан №189 мектеп ауласында заңсыз ағаш кесу фактісі расталды.

Экология және қоршаған орта басқармасына мектеп атынан өтініш келіп түспеген, демек,ағаш кесуге рұқсат берілмеген.

Құқық қорғау органдарының қатысуымен бірлесіп қосымша тексеру кезінде жапырақты 4 ағаштың кесілгені анықталды. Сондықтан басқарма тарапынан Бостандық ауданының полиция басқармасы мен Алматы қалалық табиғатты қорғау полициясына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолдану жөнінде хат жіберілді. Келтірілген шығын көлемі – 110 АЕК, орнына отырғызуға міндетті ағаш саны 200 бірлікті құрайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.