Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы №2 мамандандырылған ХҚО басқа ғимаратқа көшті

29 мамырда ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады. Енді азаматтарға жайлы болу үшін және сапалы қызмет көрсету үшін ол Майлин көшесі, 240 а мекенжайындағы «Allur авто» ғимаратында орналасады. Бұған дейін мамандандырылған ХҚО Майлин көшесі, 85 мекенжайында болатын.

«Дүйсенбі, 29 мамырда, мамандандырылған ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметі.

Алматы тұрғындары 4 мекенжайдағы мамандандырылған ХҚКО-на мемлекеттік қызметтерді алу үшін бара алады:

  • "Саялы" ықшамауданы, Аққайнар, 1 көшесіндегі №1 мамандандырылған ХҚКО;
  • Майлин көшесі, 240 а мекенжайындағы № 2 мамандандырылған ХҚКО;
  • Түрксіб ауданы, "Қайрат" ықшамауданы, Құлжа тас жолының 9-шақырымы мекенжайындағы №5 мамандандырылған ХҚКО;
  • "Кемел" ықшамауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайындағы №6 мамандандырылған ХҚКО.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Автокөліктерді заңдастыруға байланысты сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Мекеме қызметкерлері қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болатынын еске салды. Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға, @kenes1414Bot Telegram-ботына жүгінуге және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алуға болады.

 

Дереккөз: Аlmaty-akshamy.kz

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.