Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Оқушылардың электрсамокаттармен жүргені үшін ата-ана жауапты екені ескертілді

Алматыда электрсамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналыстарына қатысты. Жиналыста олар ата-аналарға электрсамокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді.

Кикшеринг компанияларының мәліметіне сәйкес, электрсамокатты жалға алуға18 жасқа дейін шектеу қойылғанымен, оқушылардың жалдамалы самокаттармен жүргендерін жиі көруге болады. Айта кетерлігі, кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк карталарының деректері қажет, ал балалардың карталары автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан, балалар ата-аналарының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланады, сөйтіп, электр скутерлерін жалға алуға қолжеткізеді.

Компания өкілдері атап өткендей, бұл мәселенің, ең алдымен, бала қауіпсіздігіне қатысты екенін түсінген жөн. Кәмелетке толмаған тұлғалар мінген электрсамокат жол-көлік оқиғасына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылады.

Жол-көлік қозғалысына қатысушылардың барлығы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға қосымшаларда тіркелу үшін банк карталарының деректерін беру және кәмелетке толмаған балалардың электр скутерлерде жүруіне жол берілмеуі тиіс.

Алматы қ. қалалық мобильділік басқармасы

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.