Әл-Фараби мен Абай даңғылдарында бұл жұмыс басталып та кетті.
Әл-Фараби мен Абай даңғылдарында бұл жұмыс басталып та кетті.
«Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы қала мектептерінің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады.
Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масацугу Асакавамен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев жасыл экономика жобаларын іске асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, Банктің қалалық ортаны жақсартуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
Алматы хайуанаттар бағы директорының ветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев ӨКҚ брифингінде 2023 жылдың басынан бергі маңызды оқиғалар туралы айтып берді.
Алматы қаласы Әуезов ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге суық судан ажыратылады.
Суық сумен жабдықтаудан ажырату жұмыстары 2023 жылдың 16 маусымында Алматы қаласының Әуезов ауданында жүргізіледі.
Гуманитарлық көмекті жинау жұмысына 30-ға жуық ірі волонтерлік ұйымдар кіріскен. Осы кезге дейін 300 кг гуманитарлық көмек жиналған, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының өкілдері.
Мегаполисте барлығы 10 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар, олардың 9-ы аудандарда орналасқан. Өткен жылы қалалық орталық ашылған болатын.
15 маусым сағат 22.00-ден 16 маусым сағат 10.00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылында, Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Coursera директоры Джефф Мажионкалда қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқытудың жаһандық платформасын енгізу мақсатында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Орталықтың ашылуы салтанатты шара – №23 қалалық емхананың 10 жылдығы аясында өтті.
Ол көру қабілетінің әртүрлі патологияларымен ауыратын Алматы қаласы Алатау ауданының жас тұрғындарына консультациялық, диагностикалық және емдік медициналық көмекті тегін көрсететін болады.
Алматы қаласында салынып жатқан дүкен сот шешімімен бұзылды. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, дүкен ғимараты Шұғыла шағын ауданы, Жүнісов көшесі, 47 үй мекенжайында заңсыз тұрғызылған.
Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын бөлігінде көлік қозғалысын ішінара шектей отырып орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының үрдісі кейбір жол қозғалысына қатысушылардың көлік тәртібінің нашарлығын көрсетеді. Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бүгінгі таңда өзекті болып қала береді.
Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер қабылданады.
Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшесі мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Президент осы қайғылы оқиғаға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты.
2023 жылғы 14-26 маусым аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынау жүргізілетін болады.
9 маусым сағат 22.00-ден 10 маусым сағат 15.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойынша батыс бағытта Сайын көшесінен GASENERGY жанармай құю бекетіне кіруге дейінгі көлік қозғалысы ішінара жабылады.
«Заңсыз құрылысқа жол жоқ!» Түрксіб ауданындағы Баум тоғайының маңынан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаттарынан олқылық анықталды.
Жол қозғалысы барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында және қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматыда кикшеринг компанияларымен бірге қала әкімдігі электрсамокаттардың жүруі шектелетін орындарды анықтады.
2023 жылғы 12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.