Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді

«Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы қала мектептерінің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады. Оған 6-16 жас аралығындағы балалар қабылданады.

Жаттығу 1,5 сағаттан аптасына 3 рет, жазда да өтеді. Жарыс айына екі рет өткізіледі. Жаттығу мен жарыс барысында балалар кәсіби спортқа жолдама ала алады. 3 жылда 130 бала олимпиадалық резерв мектебіне (№2 БЖМОРМ) ауыстырылды.

Толық ақпаратты Алматы қ. жеңіл атлетика федерациясынан +77019372525 телефоны арқылы алуға болады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.