Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі

15 маусым сағат 22.00-ден 16 маусым сағат 10.00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылында, Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Аталған көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.