Алматы қаласының Медеу ауданында жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Алматы қаласының Медеу ауданында жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы Медеу ауданындағы ұзындығы 32 км 37 көше бойынша жолдарды орташа жөндеуді бастайды, деп хабарлады әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде.
Оның айтуынша, жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.
Алмас Шабдарбаев 1972 жылы Жетісу облысы, Қызылту ауылында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және Алматының зооветеринарлық институтын бітірген.
Бірінші іске қосылған автокөлік алуға несие бөлу бағдарламасы жалғасады, ал екінші бағдарлама қаражаты автобус паркін жаңартуға бағытталады.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда 130-дан астам тұрғынның көліктері төленбеген қарыздары үшін айыппұл тұрағына қойылды.
Бұрын хабарланғандай, бұл күндері Алматыда айыппұл төлемегендерге қатысты республикалық іс-шара жүргізілуде.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды.
Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік» мамандығы бойынша бітірген.
21 маусымда сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуі Жамақаев көшесі, 145 мекенжайындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді.
19 маусымнан бастап 3 шілдеге дейін Алматы қаласының Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесімен Жамбыл көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
Аталған көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Бауыржан Жаубасов тағайындалды.
Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптары бір тәулікке суық сумен жабдықтаудан ажыратуды жоспарлап отыр.
Алматыда ашылатын екі жаңа метро бекет «Шұғыла» және «Төле би» деп аталуы мүмкін.
Үлкен Алматы автомобиль айналма жолы ресми түрде ашылды.
Алматыда 2013 жылдан бастап аяқталмаған құрылыс жобаларына инвентаризация жүргізілуде. Бұл туралы мәслихат сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.
Алматыда 4 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.
Цифрландыру процестері мемлекеттік деңгейде жүреді және өмірдің барлық саласына әсер етеді.
Алматының коммуналдық қызметкерлері жылу энергиясы үшін миллиардтаған соманы қасақана төлемеушілерден сот арқылы өндіріп алуға және оларды ыстық сумен жабдықтаудан қарыздарды толық өтеуге дейін ажыратуға ниетті.
2023 жылғы 19 маусым сағат 9-дан 20-ға дейін Әуезов ауданының аумағында Ұлықбек – Сайын – Жандосов – Яссауи көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
Алматыда М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры ғимаратының алдында қала әкімдігінің қолдауымен «біздің сүйікті дәрігеріміз» – атақты актер Юрий Померанцевтің қола мүсіні ашылды.
Алматы қаласының туризм жөніндегі Кеңесі аясында қаланың кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасының, Авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы қаласының туризм басқармасының, Алматы қаласының халықаралық әуежайының, Алматы қаласының
Алматыда Медеу ауданы әкімдігі мен «Алматы Су» МКК өкілдері «Каменское плато» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.
Оның барысында суық сумен жабдықтау мәселесін шешу жолдары түсіндірілді.