Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласының Медеу ауданында 32 шақырым жол жөнделуде

Алматы қалалық мобильділік басқармасы Медеу ауданындағы ұзындығы 32 км 37 көше бойынша жолдарды орташа жөндеуді бастайды, деп хабарлады әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде.

Оның айтуынша, жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

"Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аясында биыл барлық аудан әкімі 1 сәуірден бастап жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуде. Жаңа функцияны іске асыру үшін Медеу ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.