Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы не себепті автобус паркін жаңартуға бағытталмақ

Бірінші іске қосылған автокөлік алуға несие бөлу бағдарламасы жалғасады, ал екінші бағдарлама қаражаты автобус паркін жаңартуға бағытталады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр біраз жыл бұрын Қазақстанның даму банкі бастаған автокредит бағдарламасы ары қарай жалғасатынын айтты.

«Бізде екі бағдарлама бар екенін білесіздер. Біреуі Қазақстанның даму банкі арқылы игерілсе, екіншісі Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨКМ қаражаты есебінен) бағытында іске асырылып жатыр. Енді Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы іске асырылып жатқан бағдарламаға өзгеріс енгізілмек. Қаражат өңірлердегі автобус паркін жаңартуға бағытталады. Ал Қазақстанның даму банкі аясындағы бағдарлама өзгеріссіз қалады», - Ілияс Оспанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол аталған қор арқылы іске асырылып жатқан бағдарлама қаражаты не себепті автобус алуға бағытталатынын түсіндірді.

«2022 жылы мамыр айында «ӨКМ операторы» қаражаты аясында 100 млрд теңге көлік алуға жеңілдетілген несие ретінде бөлінді. Қазіргі кезде бұл қаражат толығымен игерілді. Несиенің орташа құны 7 млн теңге шамасында болды. Биылдан бастап бағдарламаны жетілдіру жұмыстарын бастадық. Түрлі нұқсқалар пысықталды. Револьверлік тәртіпте жиналған қаражатты электронды портал арқылы бағдарламаға қатысқандар арасында бөлдік. Атап айтқанда, елімізде автокөлік алуға несие бөлуден бөлек, басқа да салаларға қаражат бағыттау мәселесі болды. Яғни арнаулы техника, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ автобус алу бағытындағы проблемалар көтерілді. Министрлік өкілдері өңірлерге сапарлаған кезде, тұрғындар автобустардың тапшылығы жайында жиі айтып жүр», - деді І. Оспанов.

Оның айтуынша, елімізде 10 525 автобус болса, солардың тозуы деңгейі шамамен 46 пайызға жеткен.

«Бұл тұрғыда автобустардың жартысы тиісті талаптарға сәйкес келмейтіні байқалып отыр. Атап айтқанда, ӨКМ қаражатын автобусқа бағыттау ұсынысы пысықталып жатыр. Осы орайда әкімдіктермен талқылаулар жүргіздік. Әкімдіктер 2 мың автобус алуға өтінім білдірді. Елімізде күніне 9,2 млн адам автобуспен жүреді. Сондықтан осы салаға басымдық беріліп отыр», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде автобус шығаратын 6 өндіріс бар.

Сонымен қатар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеке адамдарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына арналған қаражаттың нысаналы мақсатын өзгерту жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған сәйкес айналым қаражаты отандық автобустарды лизингтік қаржыландыруға қайта бөлінеді.

«Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылғалы бері 13 335 адам көлігін алды. Дегенмен, қазіргі кезде автобустарға қатысты сұраныс артып келеді», - делінген Өнеркәсіпті дамыту қоры мәліметінде.

 

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.