Алматыда Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден көмек беріледі. Биыл қалада мүгедек бала асырып отырған және көпбалалы отбасына қосымша 2 мың пәтер салынады. Ал Самғау шағынауданында халықты 4 жылдан бері әуре сарсаңға салған су мәселесі түбегейлі шешіледі.