Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданындағы 19 маршрут жаңартылады

Алматыда биыл 600 автобус сатып алу жоспарлаған, оның 200-і Алатау ауданындағы 19 маршрутты жаңартуға бағытталады. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Жеке тасымалдаушылар 4-тоқсанға дейін 73 автобус сатып алады. Олар 7 маршруттағы (№18, №19, №46, №98, №99, №109, №122) жаңартуды жоспарлап отыр.

«Біздің алдыңғы кездесулерімізде сіздердің өтініштеріңіздің дені кейбір маршруттардың қолайсыздығы мен жоспарланған қозғалыс аралығының сақталмауы сияқты қоғамдық көлік жұмысының сапасына қатысты болды. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешіп жатырмыз», - деді әкім.

Қала басшысы 2022 жылы әкімдік 450 жаңа автобус сатып алғанын, оның 92-сі (20%) Алатау ауданына берілгенін хабарлады.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.