Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда фонтандар маусымына дайындық басталды

Алматыда фонтандарды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылғы ақпанда қабылданған фонтан шаруашылығын күтіп ұстау мен техникалық қызмет көрсетудің жаңа ережелері бойынша қаладағы фонтандар 1 мамырдан 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Бұрын фонтандар маусымы 25 мамырдан 25 қазанға дейін созылды. Айта кетерлігі, фонтандар +5°C-тан жоғары температурада жұмыс істей алады.

Бүгінгі таңда Алматыда 150 фонтан бар, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фонтанда шомылуға қатаң тыйым салынады. Ол үшін ескерту жазулары бар қалқандар орнатылады.

Сондай-ақ, ережеде сымдардың электр оқшаулауы бұзылған фонтан жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады, суды толық тазартпайынша фонтан іске қосылмайды әрі қауіпсіздік үшін видеобақылау жүйесімен қамтамасыз ету ұсынылады. Фонтанның электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары кезінде қауіпсіздік талабын қатаң сақтау қажет.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.