Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы тағы бір ТҮК алуға кеңес берілмейтін үйлер тізіміне енді

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жүргізілген мониторинг нәтижесінде интернет желілерінде Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТҮК-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланғаны анықталды.

Алайда, бұл жер телімінің нысаналы мақсаты жер асты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану болып табылады, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған.

Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым шығарды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді.

Сонымен бірге, басқарма Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолдады.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Қала құрылысын бақылау департаментінің +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына қоңырау шалу арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.