Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Алатау ауданында жаңа алаң пайда болады

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыдағы "Зерделі" шағынауданында аяқталмаған екі апатты үй бұзылды. Енді бұл жерде алаң пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның айтуынша, алаң салу жұмыстары 2024 жылдың 2-тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал биыл маусымға дейін осы шағынаудандағы 30 үйдің қалған екеуін нығайту және түзету жұмысы аяқталады.

Әкімнің айтуынша, Алатау ауданында тұрақты су басу орындары мәселесі де шешілген. Қолда бар 18 учаскенің ішінен 16 учаскеде жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша бір ай ішінде аяқталады.

"Сонымен қатар биыл біз Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстарын бастадық. Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді, жұмысты 2023 жылдың қыркүйегінде аяқтаймыз", - деді әкім.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.