В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республикалық акция өтеді

Биыл Алматы қаласының мұқтаж отбасыларынан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсету үшін әкімдік мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылған.

Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.

Жедел желі байланыстары:

  • Алатау ауданы бойынша: 8 700 613 11 98
  • Алмалы ауданы бойынша: 8 747 044 85 53
  • Әуезов ауданы бойынша: 8 702 539 53 97
  • Бостандық ауданы бойынша: 8 777 280 66 50
  • Жетісу ауданы бойынша: 8 747 294 05 54
  • Медеу ауданы бойынша: 8 775 919 40 00
  • Наурызбай ауданы бойынша: 8 708 935 94 98
  • Түрксіб ауданы бойынша: 8 747 901 38 14

1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізілуде.

Мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

0
Оцените материал
Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.