
Биыл Алматы қаласының мұқтаж отбасыларынан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсету үшін әкімдік мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылған.
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.
Жедел желі байланыстары:
- Алатау ауданы бойынша: 8 700 613 11 98
- Алмалы ауданы бойынша: 8 747 044 85 53
- Әуезов ауданы бойынша: 8 702 539 53 97
- Бостандық ауданы бойынша: 8 777 280 66 50
- Жетісу ауданы бойынша: 8 747 294 05 54
- Медеу ауданы бойынша: 8 775 919 40 00
- Наурызбай ауданы бойынша: 8 708 935 94 98
- Түрксіб ауданы бойынша: 8 747 901 38 14
1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізілуде.
Мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі