В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)?

Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем – қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауды қамтымайтын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық жәрдем: 

  1. аса кеңінен тараған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да шұғыл жағдайларда диагностика және емдеу;
  2. жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;
  3. халықты гигиеналық оқыту, сондай-ақ отбасын, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғау;
  4. қауіпсіз сумен жабдықтау және  халықты тиімді тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары.

Азаматтарға бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем – медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігімен тіркелген жері бойынша және (немесе) тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.

1

Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?

Ол үшін келесілерді жасау қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және сұрау салу.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз түрінде (еркін нысанда) тіркелу туралы хабарлама (талон) немесе қызмет көрсетушімен ЭЦҚ қойылған электрондық түрдегі құжат, не болмаса дәлелді негізде тіркеуден бас тарту.

2

Емханада тұрғылықты жері бойынша немесе таңдау бойынша қызметті қалай алуға болады?

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) немесе туу туралы куәлік.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу.

3

Басқа емханаға қалай тіркелуге болады?

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. еркін нысанда өтініш жазу;
  2. жеке куәлігін (16 жасқа дейінгі балалар үшін туу туралы куәлік) ұсыну;
  3. ата-анасының біреуінің немесе заңды қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін).

Ескерту: сіз басқа емханаға келесі тәртіппен тіркеле аласыз:

  1. азаматтың жылына бір реттен жиі емес медициналық ұйымдарды еркін таңдауымен;
  2. тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орны өзгерген кезде;
  3. емхана қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
  4. емханаларға тұрғындарды тіркеу бойынша жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізілетін науқан кезінде.
0
Оцените материал
Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.