В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

Жұмыссыздарға арналған әлеуметтік төлемдер

Егер жұмыс беруші 6 айдан кем емес әлеуметтік аударымдар жасаған болса және сіз ресми түрде жұмыссыз ретінде Алматы қ. Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген болсаңыз, сіз жұмыстан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға құқылысыз. Әлеуметтік төлем мөлшері орташа айлық еңбекақыға және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтіліне байланысты. Жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.

1

Egov.kz электронды үкімет порталында өтінішті қалай беруге болады?

Ол үшін:

  1. ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өтіп, өтінім беру қажет.

Қызмет көрсету мерзімі: 8 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе әлеуметтік төлем тағайындаудан дәйекті бас тарту.

2

Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қ. аудандық бөлімшесінде (ХҚКО ) өтінім беру

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басты куәландыратын құжат;
  2. мекенжай анықтамасы;
  3. Алматы қ. Халықты жұмыспен қамту орталығынан сізді жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  4. банк шотының нөмірі туралы құжат.

Қызмет көрсету мерзімі: 8 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама, немесе әлеуметтік төлем тағайындаудан дәйекті бас тарту.

0
Оцените материал
Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.