В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

Тоқаев балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет".

 

 

 

Ақпарат көзі: Tengrinews

Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.