Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жүргізуші куәлігін жоғалту

Егер сіз жүргізуші куәлігін жоғалтсаңыз - қапа болмаңыз! Біріншіден, жақсы адамдар оны тауып алып сізге  қайтып бере алады, және екіншіден, сіз әрқашан 30 күнде жүргізуші куәлігін қалпына келтіре аласыз.

1

Егер сіз Қазақстан азаматы болсаңыз

Сіз мамандандырылған хқко-ға немесе Алматы қаласы ІІД жол полициясы Басқармасына жүгіне аласыз.

Құжаттар тізімі:

  1. жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
  2. жеке басын куәландыратын құжаты;
  3. денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама № 083/у емхананың тіркеу орны бойынша (анықтаманы  мамандандырылған Алматы қ. Хқко-да алуға болады);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 ай.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: уақытша жүргізуші куәлігінің орнына жоғалған жүргізуші куәлігін беру, ол берілген күннен бастап бір айдың ішінде күшін сақтайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.

2

Егер сіз басқа елдің азаматы болсаңыз

Шетел азаматы(-шасы) жүргізуші куәлігін жоғалған жағдайда, оған оны қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-на, Алматы қаласы ІІД жол полициясы Басқармасына жолығу керек. 

Келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
  2. жеке басын куәландыратын құжаты;
  3. медициналық анықтама және оның денсаулығы туралы көшірмесі № 083/У емхана тіркелген жері бойынша (анықтаманы сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-да алуға болады);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
  5. ұйымының дипломатиялық корпуспен жұмыс бойынша бағыты (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 ай.

Қызмет көрсету түпкі нәтижесі: уақытша жүргізуші куәлігінің орнына жоғалған жүргізуші куәлігін беру, ол берілген күннен бастап бір айдың ішінде күшін сақтайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.