
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не ыстық су есептегіштерінің көрсеткішін жіберу тәсілдері
Жеке тұлғалар үшін:
- www.alts.kz сайтында арнайы форманы толтыру арқылы
- е-mail: pokazania@alts.kz есептегіштің фотосуреті (3 Мб-тан аспайды) мен дербес шот нөмірін көрсете отырып хабарлама жіберу арқылы
- +7 701 098 45 05 нөміріне WhatsApp-пен дербес шотты (шарт нөмірін) көрсете отырып хабарлама немесе SMS-хабарлама жіберу арқылы
- 341 07 77 ішкі 2112; 2119; 2143; 2228; 2116; 2304; 2305; 2308; 2309; 2310 телефон нөмірі арқылы
- Коммуналдық қызмет ақысын төлеген кезде түбіртектегі «Ыстық су. Абонент» «соңғы» бағанын толтыру арқылы. Ыстық судың бірнеше есептегіш құралы болған жағдайда «соңғы» бағанында барлық ыстық су есептегіш құралдарының көрсеткіші сомасын жазу керек.
Заңды тұлғалар үшін:
Көрсеткіштерді айдың 20-нан 29-на дейін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221 үй мекенжайына келіп немесе электрондық поштамен жіберу арқылы e-mail: ur@alts.kz (файлдардың көлемі 3 Мб-тан аспайды).
Ыстық су есептегіштерін тексеруге өтінімді ресімдеуге арналған телефон: 341 07 77 ішкі 2155, 2130.
«Алматы су» МКК-на суық су есептегіштерінің көрсеткішін жіберу тәсілдері
- 3 777 444 телефон нөмірі бойынша көп арналы байланыс орталығы арқылы
- «Алсеко» АҚ мобильді қосымшасы арқылы
- almatysu.kz сайтында тұтынушының «Жеке кабинеті» арқылы
- +7 747 3 777 444 нөмірі бойынша WhatsApp-пен есептегіш құралындағы соңғы көрсеткіштің суретін жіберу арқылы
Есептегіштердің көрсеткішін жіберу үшін:
- Су есептегіштің көрсеткіші мен құралдың нөмірін көрсетіп, есептегіш құралдың алдыңғы жағын суретке түсіріңіз
- Бұл суретті +7 747 3 777 444 нөмірі бойынша WhatsApp-пен жіберіңіз
- Сіздің көрсеткішіңіз автоматты түрде базаға енгізіледі
Талап: есептегіш құралдың суреті есептегіш құралдың нөмірі мен соңғы көрсеткіші анық көрінетіндей болуы тиіс.