Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Тіркеу туралы куәлікті қалпына келтіру

Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (тіркеу куәлігі) шақырылушының әскери есепте тұрғанын дәлелдейтін құжат болып табылады.

Бұл құжатсыз cізді жұмысқа, кәсіптік колледжге немесе жоғары оқу орнына оқуға қабылдамайды. Тіркеу куәлігі – cіз әскери қызметке шақырылғанша немесе запасқа есептен шығарылғанша қолданылады.

1

Тіркеу куәлігін алу үшін қайда жүгіну керек?

  1. Тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» МК аудандық бөлімшесіне (ХҚО).
  2. Тіркелген жері бойынша Алматы қ. аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына.

Сізге келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті алуға арналған өтініш беру;
  2. аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалары кітабынан үзінді;
  3. жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  4. 3х4 фотосурет – 2 дана.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күн ішінде.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беру.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.