
Алматыда қала тұрғындарына шет тілдерін оқыту бойынша жыл сайынғы әлеуметтік жоба - "Тілдер саябағы" басталды.
"Тілдер саябағы" - бұл қалалық әлеуметтік жоба, оның аясында қала саябақтары базасында бейресми түрде шет тілдерін оқыту бойынша тегін сабақтар өткізіледі.
Сабақтар таза ауада өтеді, оған қаланың барлық тұрғындары қатыса алады.
Курстар жазғы кезеңде, аптасына 3 рет 1 ай ішінде өтеді.
Тілдер паркі базасында 15 тіл бойынша тегін сабақтар өткізілді.
Қатысушылардың жас санаты 6 жастан 60 жасқа дейін.
Тілдер саябағының 2023 жылғы өтетін орындары:
- Алатау ауданы - Атлетикалық ауылдағы көгал;
- Алмалы ауданы - М.Мақатаев алаңы;
- Әуезов ауданы - Сац театры артындағы амфитеатры бар алаң;
- Бостандық ауданы - Достық саябағы;
- Жетісу ауданы - Айнабұлақ-1 жаңа саябағы;
- Медеу ауданы - Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
- Наурызбай ауданы - Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы көгал;
- Түрксіб ауданы - Түрксіб ауданы Оқушылар сарайы жанындағы алаң.
Байланыс телефондары:
- Алатау ауданы - Максатбеков Нурсултан +7 778 498 15 88;
- Алмалы ауданы - Лес Арсен +7 747 567 08 37;
- Әуезов ауданы - Байгабылов Елдар +7 702 632 20 02;
- Бостандық ауданы - Токтарова Жансая +7 702 467 17 52;
- Жетісу ауданы - Муратхан Тауасар +7 707 663 69 49;
- Медеу ауданы - Токтасын Алиар +7 707 990 29 41;
- Наурызбай ауданы - Кенесов Елдос +7 705 161 05 89;
- Түрксіб ауданы - Турдыбекова Жансая +7 702 336 12 17.
Толық ақпаратты мен кеңесті жоба үйлестірушілерінен алуға болады:
- Ахатай Ырысбек +7 708 708 45 85
- Максутхан Зере + 7 747 014 37 72