
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түлікке жатпайтын тауарларды Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, кеңсе техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.
Биылғы 28 сәуірден бастап, аталған компаниялардың қызметіне аудиттен өткен жағдайда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызметке қойылған шектеулерді алып тастауға дайындық актісін» алған жағдайда рұқсат етілді.
Осыған байланысты, жұмыс тобының орынға баруы және көруі үшін 1-Қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.
1. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына (тамақ және фармацевтикадан басқа) - prom_dopusk@mail.kz ;
2. Азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізу (интернет-дүкендер, online-дүкендер) бойынша – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына хабарласу керек info_onlinetrade@mail.kz, анықтама үшін телефондар: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92;
3. ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметі жөнінде – нысанның орналасқан жері бойынша аудан әкімдіктеріне хабарласу керек:
- Infoalatau@mail.kz – Алатау ауданы
- Infoalmaly@mail.kz – Алмалы ауданы
- Infoauezov@mail.kz – Әуезов ауданы
- Infobostandyk@mail.kz – Бостандық ауданы
- Infozhetysu@mail.kz – Жетісу ауданы
- Infomedeu@mail.kz – Медеу ауданы
- Infonauryzbay@mail.kz – Наурызбай ауданы
- Infoturksib@mail.kz- Түрксіб ауданы
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі