Сақ және қырағы болуға шақырды.
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
- Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің қозғалысы нашарлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей бұл құбылыс жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді, - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Сондай-ақ полицияда, жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің және жақындарыңыздың өмірінің қауіпсіздігінің кепілі!
Дереккөз: Almaty.tv.
16 ақпан 2024