Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Көктайғаққа байланысты Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Сақ және қырағы болуға шақырды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

- Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің қозғалысы нашарлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей бұл құбылыс жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді, - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ полицияда,  жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің және жақындарыңыздың өмірінің қауіпсіздігінің кепілі!

 

Дереккөз: Almaty.tv.

16 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.