Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жер сілкінісі бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары

Халықты қабылдау пункттері қанша уақыт ішінде ашылуы тиіс?

Жауап: басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес, жиналу орындары бойынша халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің жедел келу және ашылу уақыты жазда -1 сағатты, қыста -1,5 сағатты құрайды.

Алматы қаласының халықты жинау пункттері білім беру объектілері (229 мектеп және 115 балабақша) болып табылады.

Түнгі уақытта болған жер сілкінісіне байланысты осы пункттердің ашылуы қыс мезгілінде -1,5 сағат регламенттелген.

Мегаполис тұрғындарын қабылдау пункттеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала.

 

Сиреналар қандай жағдайларда ескерту жасайды?

Жауап: Алматы қаласында ТЖД кезінде халықты хабардар ету үшін 843 сирена жұмыс істейді.

Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5,5 және одан жоғары тербелістерді бекіткен кезде іске қосылады. Түнде болғанжағдайда MSK -64 шкаласы бойынша  ақпарат сезілмеді.

 

Неге СМС болған жоқ?

2019 жылы тұрғындардың шағымдарының артуына байланысты ТЖД ұялы желі операторларының техникалық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты жер сілкінісі кезінде SMS-ескертулерден бас тартты.

Мегаполистің халқы көп, бұл екі миллионнан астам адам, кейбір абоненттерге бірнеше сағаттан кейін хабарламалар келіп, халық арасында дүрбелең туғызады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

23 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.