Халықты қабылдау пункттері қанша уақыт ішінде ашылуы тиіс?
Жауап: басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес, жиналу орындары бойынша халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің жедел келу және ашылу уақыты жазда -1 сағатты, қыста -1,5 сағатты құрайды.
Алматы қаласының халықты жинау пункттері білім беру объектілері (229 мектеп және 115 балабақша) болып табылады.
Түнгі уақытта болған жер сілкінісіне байланысты осы пункттердің ашылуы қыс мезгілінде -1,5 сағат регламенттелген.
Мегаполис тұрғындарын қабылдау пункттеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала.
Сиреналар қандай жағдайларда ескерту жасайды?
Жауап: Алматы қаласында ТЖД кезінде халықты хабардар ету үшін 843 сирена жұмыс істейді.
Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5,5 және одан жоғары тербелістерді бекіткен кезде іске қосылады. Түнде болғанжағдайда MSK -64 шкаласы бойынша ақпарат сезілмеді.
Неге СМС болған жоқ?
2019 жылы тұрғындардың шағымдарының артуына байланысты ТЖД ұялы желі операторларының техникалық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты жер сілкінісі кезінде SMS-ескертулерден бас тартты.
Мегаполистің халқы көп, бұл екі миллионнан астам адам, кейбір абоненттерге бірнеше сағаттан кейін хабарламалар келіп, халық арасында дүрбелең туғызады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
23 қантар 2024