Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің өткізген онлайн-брифингінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.
Бүгінде Алматы қаласының жалпы төсек орын қоры- 6000 орынды, яғни 49% құрайтыны белгілі.
Пандемия басталғалы бері жұқпалы аурулар аурухана саны 2-ден 26-ға, яғни 500 төсектен 6000-ға дейін (12 есе) көбейді. Пандемияның бұдан кейінгі даму перспективасын ойластырған қала басшылығы қазірден бастап келесідей шараларлы жүзеге асыруда.
«Күзде біз COVID-19 белгілері бар 7700 науқасты бір уақытта стационарлық емдеумен қамтамасыз ете аламыз», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі