Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда пандемия басталғалы бері науқастарға арналған төсек орын саны 12 есеге артты

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің өткізген онлайн-брифингінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Бүгінде Алматы қаласының жалпы төсек орын қоры- 6000 орынды, яғни 49% құрайтыны белгілі.

Пандемия басталғалы бері жұқпалы аурулар аурухана саны 2-ден 26-ға, яғни 500 төсектен 6000-ға дейін (12 есе) көбейді. Пандемияның бұдан кейінгі даму перспективасын ойластырған қала басшылығы қазірден бастап келесідей шараларлы жүзеге асыруда.

«Күзде біз COVID-19 белгілері бар 7700 науқасты бір уақытта стационарлық емдеумен қамтамасыз ете аламыз», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.