Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу

Мүмкіншілігі шектеулі адамдар мүгедектік бойынша мемлекет кепілдік беретін әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқықтары бар.

1

Қызметті қалай алуға болады?

  1. Тіркелу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласындағы аудандық бөлімінде.
  2. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде (мүгедектікті алғашқы рет белгілеген кезде).

Келесі құжаттарды қоса тіркей отырып өтініш беру қажет:

  1. жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, шетелдіктің ықтияр хаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралманның куәлігі);
  2. қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
  3. банк шотының нөмірі туралы үзінді көшірме (екінші деңгейлі банктерде  немесе «Қазпочта» АҚ-та);
  4. белгіленген нысандағы мүгедектік туралы анықтама. 

Қызмет көрсету мерзімі: 8 жұмыс күні. Істің материалдарын қайта рәсімдеу қажет болған жағдайда мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарландыру хаты.

2

Тағы қандай қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін?

Аурудың себебі мен сипатына байланысты келесілер қосымша сұратылуы мүмкін:

  1. радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
  2. орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
  3. ауруы туралы госпиталь берген куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
  4. он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
  5. неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе некеге тұру туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде);
  6. қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады. 
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.