
Жол белгілерін орнату
Тұрғын үй кешендерінің аумағында жол қозғалысын ұйымдастыру басқарушы компаниялардың, мүлік иелері бірлестіктерінің, мүлік иелерінің кооперативтерінің және т. б. құзыретінде болады. Мәселені практикалық тұрғыда шешу үшін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері», ҚР СТ 1125-2021 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Жол белгілері. Жалпы техникалық талаптар» және ҚР СТ 1124-2019 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Жол белгілері. Жіктеу техникалық шарттар» бойынша қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі схеманы әзірлеу қажет, онда тиісті жол белгілерін орналастыруды және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлденең таңбалау сызығын салуды көздеу қажет.
Жасанды бұдырларды орнату
Тұрғын үй кешенінің аумағы елді мекендердің жолдары мен көшелерінің санатына жатпайды, сәйкесінше ҚР СТ 1538-2007 «Автокөлік жолдары мен көшелердегі жасанды бұдырлар. Техникалық талаптар мен қолдану ережелері» бойынша жасанды бұдырларды пайдалану көрсетілмеген. Бұл параметрлер Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің "Қозғалыс жылдамдығы" 10 - бөлімінің 2-тармағының талаптарын ескере отырып, геометриялық орындалуы (өлшемдері) бойынша назарға алынуы мүмкін (тұрғын аймақтарда және аула аумақтарында-сағатына 20 км аспайды).
Қозғалысты ұйымдастыру схемасын әзірлеу кезінде ТК тұрғындары тарапынан шағымдар мен сындарды болдырмау үшін тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, жалпы жиналыс хаттамасына енгізу керек.
Жоғарыда көрсетілген схема әзірленуіне қарай жол белгілері мен таңбалау сызығын қолданудың дұрыстығы ПД жол және техникалық инспекция бөлімімен Әкімшілік полиция басқармасымен келісілсін.